Релаксация кабинеті
Шүлбі орта мектеп-кешенінде демеушілер есебінен және оқушылар өткізген жәрмеңкеден жиналған қаражатқа шағын релаксация кабинеті ашылды. Кабинетте кеңес беру және релаксация, құм терапиясы орталықтары бар. Мектеп жасындағы бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз, өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторларға төтеп бере алатындай болуы керек. Сондықтан барлық еліміздің мектептерінде психологиялық қолдау кабинеттері ашылуда. Бұл оқушыларға тыныштандыру үшін қажет.