2022-2023 оқу жылы бойынша оқу-тәрбие жұмысына ӨЗІНДІК ТАЛДАУ
2022-2023 оқу жылы бойынша
оқу-тәрбие жұмысына ӨЗІНДІК ТАЛДАУ
.
2021-2022 оқу жылы оқу – тәрбие жұмыс барысындағы кемшіліктерді ағымдағы 2022-2023 оқу жылында басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүргізілді.
- Сабаққа қатысу барысында үй тапсырмасын орындамайтын оқушылардың кездесуі.
- Білім сапасындағы олқылықтардың болуы.
- Сабақ барысында, әкімшілік бақылау кескінің алу кезінде үздік оқушылардың арасында бәсекелестіктің байқалмауы.
- Оқушылардың негізгі пәндер(химия, биология, тарих, математика пәндері ) бойынша білім бәсекелестігінің әлсіздігі
Аталған кемшіліктерді жоюда, әдістемелік қызметке жаңа ағымдағы оқу жылында келесі жағдайларға көңіл аударылды.
- оқу-тәрбие үрдісіне педагогикалық инновацияларды жасап, енгізу үшін қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу, педагогикалық шеберлігін шыңдауға жұмылдырылды.
- мұғалімдердің зерттеушілік іс-әрекетін жандандыру, «мұғалім-оқушы – ата –ана» атты ғылыми жобаны кеңейту, жалғастыру,қала көлемінде 2 оқушы жүлделі орынға иеболды.
- нашар оқушылармен жұмыс жүйесін жандандыру.
- іс – тәжірибесімен бөлісу, тарату мақсатында әдістемелік күндер өткізу, апталықтар мен ашық есік күндер жұмысын жандандыру мақсатында жоспар бойынша апталықтар өз деңгейінде өткізілді.
- Білім сапасы динамикасына бақылау жүргізілді.
- Қалалық, облыстық пәндік олимпиадаға қатысушылар санын артып, жүлделі орындардың алдыңғы оқу жылдарымен салыстырғанда , жүлделі орындардың көп болуы.
-ата-анамен байланысты күшейтілді, әр сынып жетекші ата-анамен байланыста болды.
2022-2023 оқу жылы басында мектеп оқушыларының саны 1-11 сыныптар бойынша 166 оқушы болды. Мектепалды даярлық тобына 16 бала қамтылды. Ағымдағы оқу жылы соңында 165 оқушы.
Мектептің оқу жоспарының вариативтік бөлімі есебінен келесі пәндер оқытылды:
Сыныбы | Таңдау, қолданбалы курстардың атауы | Сағат саны |
2 | Логика | 1 |
3 | Логика | 1 |
4 | Логика | 1 |
5 | Жаһандық құзыреттілік | 0,5 |
6 | Жаһандық құзыреттілік | 0,5 |
7 | Жаһандық құзыреттілік | 0,5 |
8 | Жаһандық құзыреттілік | 0,5 |
9 | Зайырлылық және дінтану негіздері | 1 |
10 | Кәсіпкерлік және бизнес негіздері | 1 |
Физика негіздері | 1 | |
Робот техникасы | 1 | |
11 | Робот техникасы | 1 |
Физикадан қиындығы жоғары есептерді шығару жолдары | 1 | |
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері | 1 | |
Барлығы: | 13сағат |
Ағымдағы оқу жылында оқушылардың тоқсан бойынша қозғалысы:
Тоқсан | I | II | III | IV | Жыл |
Кеткен | 2/1 | 1/0 | 2/2 | 0 | 5/3 |
Келген | 2/1 | 0 | 2/2 | 0 | 4/3 |
3 жылғы мектептегі оқушылардың саны
жылдар | Сынып саны | Оқушылар саны | % | |
2020-2021 | Оқыту қазақ тілінде | 11/11 | 171 | 100 |
2021-2022 | Оқыту қазақ тілінде | 11/11 | 181 | 100 |
2022-2023 | Оқыту қазақ тілінде | 11/11 | 165 | 100 |
9 сыныптың 17 оқушысы негізгі мектепті бітіру аттестатын, соның ішінде 1 оқушы «үздік» аттестатқа аяқтады.. 11 сыныптың 9 оқушысы орта мектеп куәлігін алды, 1 «үздік аттестатқа» , 1 оқушы «Алтын белгі» аттестатына аяқтады.
- Білім сапасын өткен жылдармен салыстырсақ:
Жылдар | Оқушы саны | Оқу озаты | Оқу екпіндісі | Оқу үлгерімі% | Білім сапасы% |
2020-2021 | 171/96 | 30 | 65 | 100 | 62,9 |
2021-2022 | 181/110 | 30 | 66 | 100 | 60,4 |
2022-2023 | 165/ | 29 | 70 | 100 | 63,9 |
Білім сапасы 2020-2021 оқу жылында 62,9% құраса, 2021-2022 оқу жылында 60,4% құрады. 2,5% кему байқалды, 2022-2023 оқу жылында 63,9% құрап, 3,5% өсу байқалды.
3 жыл бойынша 1-11 сынып оқушыларының білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші
сынып | 2020-2021 оқу жылы | 2021-2022 оқу жылы | 2022-2023 оқу жылы | |||||||||
Оқушылар саны | Оқу озаты | Екпінділер | Білім сапасы | Оқушылар саны | Оқу озаты | Екпінділер | Білім сапасы | Оқушылар саны | Оқу озаты | Екпінділер | Білім сапасы | |
1 | ||||||||||||
2 | 15 | 1 | 8 | 60 | 21 | 4 | 9 | 61,9 | 23 | 7 | 13 | 86.9 |
3 | 19 | 6 | 6 | 63,2 | 18 | 3 | 8 | 61,1 | 19 | 4 | 8 | 63,2 |
4 | 20 | 4 | 10 | 70 | 20 | 5 | 6 | 55,0 | 16 | 2 | 9 | 68,8 |
1-4 | 54 | 11 | 24 | 64 | 59 | 12 | 23 | 59 | 58 | 13 | 30 | 74,1 |
5 | 17 | 3 | 8 | 64 | 23 | 4 | 8 | 52,2 | 19 | 5 | 5 | 52,6 |
6 | 15 | 5 | 4 | 60 | 18 | 3 | 8 | 61,1 | 20 | 3 | 7 | 50,0 |
7 | 18 | 3 | 11 | 77 | 14 | 3 | 6 | 64,3 | 15 | 2 | 6 | 53,3 |
8 | 14 | 3 | 5 | 57 | 17 | 1 | 12 | 76,5 | 10 | 1 | 6 | 70,0 |
9 | 16 | 2 | 7 | 56 | 12 | 3 | 3 | 50,0 | 17 | 1 | 10 | 64,7 |
5-9 | 80 | 16 | 35 | 63 | 84 | 14 | 37 | 60,7 | 81 | 12 | 34 | 56,7 |
10 | 8 | 2 | 3 | 62 | 9 | 2 | 3 | 55,6 | 7 | 2 | 3 | 71,4 |
11 | 9 | 1 | 3 | 44 | 7 | 2 | 3 | 71,4 | 9 | 2 | 3 | 55,6 |
10-11 | 17 | 3 | 6 | 52 | 16 | 4 | 6 | 62,5 | 16 | 4 | 6 | 62,5 |
1-11 | 151 | 30 | 65 | 62 | 159 | 30 | 66 | 60,4 | 155 | 29 | 70 | 63,8 |
Бастауыш сыныпты (2-4) осы оқу жылы 58 оқушы бітірді. Олардың 13оқушысы «үздік» және 30 оқушысы «4» және «5» аяқтады. Білім сапасы 74,1% құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 59 % болған. Биылғы оқу жылында 16,1 % өсу бар.
Орта буын бойынша (5-9) оқу жылын бітірген оқушылар саны 81 бала. Олардың «үздікке» 12 оқушы және 34 оқушы «4» және «5» аяқтады. Білім сапасы 56,7 %. Білім сапасында 4 % кему байқалады.
Жоғарғы буын бойынша 10-11-сыныпты 16 оқушы аяқтап отыр. Олардың 4 оқушы «5» бағаға және 6 оқушы «4» және «5» аяқтады Жоғарғы буын бойынша білім сапасы 62,5 % көрсетті. 10-11 сыныптар бойынша білім сапасы соңғы екі жылда тұрақты.
Сыныптар бойынша білім сапасы төмендегідей
Сынып | Сынып жетекшілерінің аты-жөні | Оқушылардың саны | «5» саны | «4» пен «5» саны | Білім сапасы% | Білім сапасы, % 2021-2022 | Дина мика |
1 | Шаканова Ж.А. | ||||||
2 | Алимханова Ж.Қ | 23 | 7 | 13 | 86.9 | ||
3 | Жумыкбаева Б.Ж. | 19 | 4 | 8 | 63,2 | 61,9 | +1,3 |
4 | Мусабаева М.К. | 16 | 2 | 9 | 68,8 | 61,1 | +7,7 |
5 | Тусупбекова А.А. | 19 | 5 | 5 | 52,6 | 55 | -2,4 |
6 | Тлеубердина М.М. | 20 | 3 | 7 | 50,0 | 52,2 | -2,2 |
7 | Бағжанова Г.А. | 15 | 2 | 6 | 53,3 | 61,1 | -7,8 |
8 | Айдарханов Т.М. | 10 | 1 | 6 | 70,0 | 64,3 | +5,7 |
9 | Ахатаева Ж.Н. | 17 | 1 | 10 | 64,7 | 76,5 | -11,8 |
10 | Азимханова Р.В. | 7 | 2 | 3 | 71,4 | 50 | +21,4 |
11 | Баракпаева Г.Н. | 9 | 2 | 3 | 55,6 | 55,6 |
Мектепішілік бақылау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде ұсынылған мектепішілік бақылау жоспарының үлгісіне сай жасалынып бекітілген. Мектепішілік бақылау жоспарында оқу техникасын тексеру, математика пәнінен көбейту кестесі матрицасы, ғылыми жобаға дайындық барысы, сыныптарда пәндердің жүргізілу жағдайы, дәптер сапасы, журнал тексеру, тәрбие жұмыстарына бақылау жасалды. Аталған мәселелер директор жанындағы отырыста қаралып, тыңдалған, хаттамалары толық жазылды. Сонымен қатар, мектепте үздік оқушылардың біліміне талдау жасап отыру жұмысы жақсы жолға қойылды, тоқсан сайын білім кескіні алынып , нәтижесі директор жанындағы отырыста тыңдалды. Білім сапасында кеткен олқылықтармен пән мұғалімдері қосымша жұмыстар жүргізген. Ай сайын минутқа оқу, көбейту кестесінің матрицасына мониторинг жүргізілді..Ғылыми-зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылды.
Аталған бағыттар бойынша төмендегі тақырыптар бойынша бақылау жүргізіліп, отырыстарда қаралып, мәселелерді шешу жұмыстары жүргізілді.
- Мектептің білім беру туралы мемлекеттік нормативті құжаттарын орындауға бағытталған қызметін ұйымдастыру
1) ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес, баланың мектепте тегін білім алуына құқықты жүзеге асыру мақсатында мектеп жасындағы балаларды оқымен қамту бойынша қызмет жүзеге асырылды. Оқуды толық қамтуды қамтамасыз ету үшін мектепте оқушылардың электронды мәлімет базасы құрылған (1-11сынып).
2) Жоспарға сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың қаңтарында мұғалімдердің пәндік күнтізбелік-тақырыптық жоспары бекітілді.
3) 2022-2023 оқу жылы мектепте 11 сынып болды, оқыту қазақ тілдерінде жүргізіледі.
4) 2022-2023 оқу жылында күнделікті журналдың жүргізілуіне бақылау жасалып, мониторинг шығарылып отырылды.
5)Оқушылардың жеке бас құжаттары тексеріліп отырды.
Мектеп әкімшілігі азаматтардың білім алу құқығын жүзеге асыру бойынша атқаратын қызметінде ҚР заңнамасын, білім беру саласындағы нормативті құжаттарды басшылыққа ала отырып, азаматтардың білім алуының конституциялық құқығының сақталуын үнемі бақылауда ұстады.
Оқушыларды қабылдау ата-аналардың өтініштері мен мектеп директорының бұйрығы негізінде жүргізіліп, бұйрықтар кітабына тіркелді. Барлық келген және шығып кеткен оқушылардың білім беру мекемесіне келуі және кетуі туралы құжаттары бар.
Аталған бағыттар бойынша төмендегі тақырыптар бойынша бақылау жүргізіліп, отырыстарда қаралып, мәселелерді шешу жұмыстары жүргізілді.
- Оқу техникасын бақылау ай сайын өткізілді.
- БиС әдістемесімен оқушылардан көбейту кестесі матрицасы алынды.
- Оқушылардың сабақтарда үй тапсырмасын орындау жиілілігі қадағаланып отырды.
- Үздік оқушылармен әкімшілік тарапынан білім кескіндері алынды.
- 1 – сынып оқушыларының бейімделу мәселесі
- 5 – 6 сыныптар бойынша математика пәнінің білім сапасына бақылау
- 4 – сыныпта математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша бірлескен бақылау срездері
- 4,9-ББЖМ-ға дайындық тестері
- Таңдау пәндері, қолданбалы курстардың оқытылуы және құжаттарының жүргізілуі
- Білім беру дағдыларындағы кемшіліктерді жою бойынша білім кескіндерінің мониторингтері
- 5-сыныптың бейімделуі
- Жас мамандардың сабақ құрылымын жоспарлау жағдайына бақылау.
- Мектеп құжаттарының жүргізілуіне бақылау.
- Оқушылардың сабаққа қатысуына бақылау.
- ББЖМ-ға дайындық жүйесі.
- 8-сыныпта сабақ үдерісінің сапалы жүргізілуіне бақылау.
- Мектепке дейінгі білім беруде оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістемелік талаптарға сай болуы.
- Химия, физика , математика дәптерлер сапасы.
Мектепішілік бақылау мақсаты бойынша қорытынды шығарылып, ұсыныс беріліп, кемшілікті жою қайта қаралып жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Мектепішілік бақылау анықтамалары директор жанында отырыста, педкеңесте талданып отырды.
Оқу техникасының нәтижесі : соңғы 3 ай (наурыз, сәуір, мамыр)
Қатысқаны-97 оқушы
Жоғары мүмкіндік деңгейі-25/32/42 оқушы 43,2%
Нормаға сай-24/13 /21 -21,6%
Нормадан төмен-34/22/33-34%
Оқи алмайды-1 оқушы-1%
Оқушылардан ай сайын математика пәнінен көбейту кестесі БиС әдістемесі бойынша тексеріліп отырды.
НАУРЫЗ және АҚПАН айында алынған көбейту кестесінің қорытындысы
Барлық қатысқан оқушылар саны | Ақпан айы бойынша-88 |
«5» алған оқушылар саны | 57 |
«4» алған оқушылар саны | 13 |
«3» алған оқушылар саны | 16 |
«2» алған оқушылар саны | 2 |
БІЛІМ САПАСЫ | 80% |
Барлық қатысқан оқушылар саны | Наурыз айы бойынша- 72 |
«5» алған оқушылар саны | 44 |
«4» алған оқушылар саны | 17 |
«3» алған оқушылар саны | 11 |
«2» алған оқушылар саны | 0 |
БІЛІМ САПАСЫ | 84% |
СӘУІР және МАМЫР айында алынған көбейту кестесінің қорытындысы
Барлық қатысқан оқушылар саны | Сәуір айы бойынша-90 |
«5» алған оқушылар саны | 58 |
«4» алған оқушылар саны | 19 |
«3» алған оқушылар саны | 13 |
«2» алған оқушылар саны | 0 |
БІЛІМ САПАСЫ | 86% |
Барлық қатысқан оқушылар саны | Мамыр айы бойынша- 87 |
«5» алған оқушылар саны | 61 |
«4» алған оқушылар саны | 19 |
«3» алған оқушылар саны | 7 |
«2» алған оқушылар саны | 0 |
БІЛІМ САПАСЫ | 92% |
БиС әдістемесі бойынша көбейту кестесі
Барлық қатысқан оқушылар саны | Оқушы саны |
«5» алған оқушылар саны | 57/44/58/61 |
«4» алған оқушылар саны | 13/17/19/19 |
«3» алған оқушылар саны | 16/11/13/17 |
«2» алған оқушылар саны | 2/0/0/0 |
БІЛІМ САПАСЫ | 92% |
Сонымен қатар, сабаққа дайындалмай келетін, үй тапсырмасын орындамай келетін оқушылар да анықталды. Сол оқушылармен, ата-аналарымен жеке жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, үздік оқушылармен жұмыс жоспары жасалып, жоспар бойынша әкімшілік бақылау кескіндері алынып отырды. Алайда, білім кескінін алу кезінде үздік оқушыларымыз өз білімдерін кей пәндерден, мысалы ағылшын тілі, математика, орыс тілінен, химия, биология пәндерінен көрсете алмай жатты. Қазақ тілінен оқушылар өз білімдерін көрсетіп, тоқсандық бағаларын ақтап алып жатты.
Сапалы сабақ – жетістік бастауы. Әріптестер өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибе жинақтаса, сабақ үдерісіне әкімшілік тарапынан бақылау жүргізіледі. Оқу екі жақты процес мұғалім мен ата – ананың тығыз байланыста болуын талап етеді. Ағымдағы оқу жылы ішінде «Шебер ұстаз-сапалы сабақ» тақырыбында жоспар бойынша әдістемелік ашық есік күні өткізілді. Сонымен қатар, тоқсандық жиынтық бағалау апталығы, оқу озаттарына жүргізілген директорлық тест оң нәтижесін берді.
Оқу үдерісін зерттеу кезінде төмендегідей қиындықтар кездеседі:
- Сабақтарға қатысу барысында оқушылардың үй тапсырмасына дайындығының төмен болуы, орындамай келу жағдайлары кездесті.
-саралау тапсырмаларын берудің жүйесіздігі, оқушының өз білімін көрсете алмауы,
-уақытты тиімді пайдаланбау, уақытқа үлгере алмау, сасқалақтау.
-үздік оқушылардың бәсекелесінің көрініс таппауы.
2022 – 2023 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмысының қорытындысы
Мектептің әдістемелік өзекті тақырыбы:
«Инновациялық білім берудің стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
Мақсаты:
Баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмек көрсететін, оқушылардың мектепте алған білімдерін олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп, мамандық таңдауға, дүниеге тік қарай алатын, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, шығармашылық қабілетті, білімді, өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш, рухани бай, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көзқарасы, ой- тұжырымы бар жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.
Өткен оқу жылында әдістемелік қызметтің негізгі бағыты:
- Мұғалімдердің оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді колдана отырып білім беруі,жаңаша бағалау арқылы білім сапасын көтеру.
- Өз білімін көтеру, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, ақпараттармен қамтамасыз ету.
- Мектепті дамыту бағдарламасы шеңберінде оқыту мен тәрбие беруде инновациялық және әдістемелік тәсілдер принциптерін жүзеге асыруда мұғалімдерге көмек көрсету.
- Озық тәжірибе жетістігі мен ғылыми зерттеу нәтижелерін мектептің жұмыс практикасына енгізу, мұғалімдердің ғылыми және теориялық құзыреттілігін дамытуға ат салысу.
- Мектеп және қала деңгейінде мектептің әдістемелік тақырыбы бойынша тәжірибе жинақтап, қорытынды жасау.
- Нәтижелілікті анықтау мақсатында мониторингті ұйымдастырып, өткізу.
- Оқушылардың пәндік және жалпы білім беру дағдыларындағы олқылықтарды жою бойынша өзара бірлескен жұмыстың нәтижесіне жету.
Мектептің әдістемелік жұмысы оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеушілік және сыныптан тыс жұмыстарды іске асыратын бір немесе оқу пәні жақын бірнеше әдістемелік бірлестіктер қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Мектепте 4 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді
- Тілдер және қоғамдық пәндер мұғалімдері
- Жаратылыстану – математика және эстетикалық – сауықтыру пән мұғалімдері
- Бастауыш сынып мұғалімдері
- Шағын орталық және МАД тәрбиешісі
Әрбір әдістемелік бірлестік және педагогикалық командалар мектептің әдістемелік тақырыбымен сабақтасып келетін әдістемелік тақырыптар бойынша жұмыс істеп, басқару мәселелерін тез және тиімді шешіп отырды.
Әдістемелік бірлестік өзекті тақырыптары
Әдістемелік бірлестік атауы | Әдістемелік бірлестік жетекшілері | Әдістемелік бірлестіктегі адам саны | Әдістемелік бірлестік тақырыптары |
Бастауыш сынып бірлестігі | Алимханова Ж.Қ. | 4 | «Бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын педагогикалық-инновациялық технологиялар арқылы дамыту» |
Жаратылыстану, математика және эстетикалық-сауықтыру пәндер бірлестігі | Жунусов С.Ә. | 7 | Оқу және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру |
Тілдер және қоғамдық пәндер бірлестігі | Ахатаева Ж.Н. | 7 | «Инновациялық білім берудің стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» |
Шағын орталық және мектепалды даярлық бірлестігі | Сулейменова А.Т. | 6 | «Мектеп жасына дейінгі мекемеде инновациялық технологиялардың элементерін енгізу, жас ерекшелігіне сай қолдану» |
Бірлестік жетекшілері өздерінің қызметтерін мұғалімдерге көмек ұйымдастыру, тақырып бойынша теориялық және практикалық мәселелерді талдау, әдістемелік жағынан әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағыттады. Әдістемелік бірлестік жұмысы оқушылар мен мұғалімдердің танымдық үрдісін жүзеге асыруға белсенділік, шығармашылық танытуға, ақпараттық және басқа да жоспарлы іс-шараларды ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік береді. Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары шеңберінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында, сол сияқты оқушылардың танымдық және шығармашылық белсендігін дамыту үшін мектепте пәндік апталықтар өткізілді. Әдістемелік бірлестіктер жылдық жұмыстарының қорытындысын мектепішілік ұстаздар рейтингісін өз бірлестіктерінде қорытындысын шығарып, өздерінің жұмысына рефлексия жасады.
Сонымен қатар мұғалімдерге жылдық кесте бойынша педагогикалық шеберлігі бар ұстаздармен «Шебер ұстаз-сапалы сабақ» тақырыбында ашық сабақтар топтамасын ұйымдастыру жұмысы өткізілді. Ашық сабақтарды өткізуде жинақталған оң тәжірибемен қатар кемшіліктерді де ескере отырып мұғалімдерге келесі ұсыныстар жасалды:
- Ашық сабақтар өткізуде уақытты нақты белгілемеу,
- Әр тапсырмаға дескриптор құра отырып, оқушыларды бағыттау.
- Саралау тапсырмаларының жүзеге аспауы;
Өткізілген әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың тиімділігін әрбір әдістемелік бірлестік жинақтаған материалдардан көруге болады. Оқу-тәрбие үрдісінің әртүрлі бағыттары бойынша диагностикалық материалдар, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеруге байланысты материалдар кеңінен сабақта пайдаланылады. Мектептегі әр мұғалім «Шебер ұстаз» болуды мақсат етеді. Сабақ үдерісі жаңартылған оқу бағдарламасының талаптары бойынша өткізді. Мұғалімдердің сабақ үдерісінде қолданатын жаңаша оқыту стратегиялары топтық, жұптық, жеке түрде оқыту арқылы оқу сапасын арттыруды мақсат етеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуға және оқу нәтижесін жақсартуға көп көңіл бөледі. Білім беру саласындағы жаңалықтар мектеп жұмысына енгізіліп отырылады.
Әдістемелік бірлестікке, педагогикалық шеберлік мектебіне, мұғалімдердің біліктілігін көтеруіне, жас мұғалімдер мектебі, мектеп психологы жұмыстарына мектеп әдістемелік кеңесі басшылық етеді.
Әдістемелік кеңес басшылығымен 2022– 2023 оқу жылында келесі мектепішілік семинар, байқау, коучинг және әдістемелік күндер мен апталықтар өткізілді:
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі: «Келешектің тұтқасы-білімді ұрпақ» , жаратылыстану пәндер бірлестігі «Барлық ғылым сөйлейді нақты ғылым тілінде» тақырыптарында өткізілді.
«Шебер ұстаз-сапалы сабақ» тақырыбында сабақтарға ашық есік күндері жоспарланып өткізіліп жатыр.
- Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын арттырудың тәсілі ”семинар
- Тілдер апталығының онкүндігі
- «Шебер ұстаз-сапалы сабақ» әдістемелік ашық сабақтар күні
- «Мұғалім шеберлігін арттыру жолдары» коучинг
- «Жастар-жаңалық жаршысы» жас мамандар апталығы
- «Ертегілер еліне саяхат» шағын орталық және МАД апталығы
- «Шебер ұстаз-сапалы сабақтың кепілі» коучинг
2022– 2023 оқу жылында « Инновациялық оқыту технологиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда сабақтарда PISA тапсырмаларын қолдану арқылы және интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асырды. Білім бөлімі тарапынан жоспар бойынша белгіленген күндері оқу сауаттылығы бойынша интерактивті диктанттарға, онлайн білім кескіндеріне қатысып отырды. Нәтижесі шығарылып, кеткен олқылықтармен жүмыстар жасалды. Өткізілген онлайн байқау сынақтарының нәтижесі директор жанындағы отырыстарда талданып отырды.
Мектептің әдістемелік қызметінің сараптамасы барысында келесі қорытындылар жасалды. Әдістемелік жұмыстың оң нәтижелері:
- Әдістемелік кеңес басшылығымен мектепішілік бақылау жоспарлы жүзеге асырылады.
- Педкадрлармен әдістемелік жұмыс берілген деңгейде жүргізілді, ұстаздар уақтылы біліктік жоғарлату курстарын өтіп отырды, мұғалімдерді аттестаттау «Педагог кадрларды аттестаттау ережесі» негізінде жүргізіледі.
- Мұғалімдердің кәсіби сайыстарға қатысу белсенділігі орташа деңгейде. (қала көлемінде тәрбиешілер , жас мамандар сайысына қатысты.)
- Мұғалімдердің зерттеушілік іс-әрекетін жандандыру, мұғалім-оқушы атты ғылыми жобаны қала деңгейінде қатысу, қалалық кезеңде 2 оқушы ғылыми жобадан орын алды. .
- Мектеп мұғалімдері өзінің педагогикалық қызметіне өздігінен сараптама жасау, яғни өздігінен білім көтеру қажеттілігін сезінеді, ал бұл – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру негізі. Курстарға тапсырыс беріліп, 4 мұғалім курстан өтті.
Педагогикалық ұжымның сапалық құрамы
Мектепте барлығы 29 педагог қызметкер жұмыс істейді, оның 20 – мұғалім болып, 1 – мектепалды және 5 – шағын-орталық тәрбиешісі, 2 - БШО қызметкерлері, 1-психолог-педагог.
Пед.кад | Барлығы | Жоғары санатты | Бірінші санатты | Екінші санатты | Бейса натты | Білімі | |
Жоғары | Арн. Орта | ||||||
Мұғалім | 20 | 5(25%) | 5(25%) | 4(20%) | 6(30%) | 14(70%) | 6 (30%) |
Балалар шығармашылық орталығы | 2 | - | 2 | 2 | - | ||
Шағын орталық | 5 | - | 1 | 3 | 1 | 4 | 1 |
Мектепалды даярлық тобы | 1 | - | 1 | - | - | 1 | |
Психолог-педагог | 1 | 1 | 1 | ||||
Барлығы: | 29 | 5(17%) | 7(24%) | 7(24%) | 10 (34%) | 21(72%) | 8(27%) |
Жалпы орта білім беретін мұғалімдер құрамына тоқталсақ. 20 мұғалімнің 25 пайызы жоғары санатты ( 5 мұғалім), 25 пайызы бірінші санатты (5 мұғалім), 20 пайызы екінші санаты (4мұғалім), 30 пайызы бейсанатты (6 мұғалім).
14 мұғалім жоғары білімді (80 %), 6 мұғалім орта арнаулы білімді ( 20%) құрайды.
Кестеде көрсетілгендей мектеп ұжымының 72% ( 21адам ) жоғары білімді, 27% орта білімді , жоғары және бірінші санатты ұстаздар 41% құрайды. Мектеп ұжымының орта жасы 38. Педагогтердің жаңа формат бойынша аттестаттаудан өтіп, педагог-зерттеуші- 3 (15%), педагог-сарапшы-5 (25%), педагог-модератор -6 (20,6%) құрап отыр. Мектеп ұжымының орта жасы 38 жасты құрайды. Кадрларды іріктеп, тағайындау, оның мектеп жұмысының ерекшелігін, мұғалімнің мүмкіндіктерін, сұраныс пен тұлғалық ерекшеліктерін жекелей есеп алу бойынша жүргізілді.
Әдістемелік қызметтің маңызды бағыттарының бірі – ең алдымен курстық қайта дайындаудан өту арқылы мұғалімнің біліктілік жоғарылату жүйесі
Ағымдағы оқу жылында 4 педагог аттестаттауға өтініш берді, 1 мұғалім біліктілік тест тапсыра алмады, 3 педагог біліктілік санатын көтеріп, 1 мұғалім «сарапшы» 2педагог педагог-модератор»санатына өтті.
Жас ұстаздар мектебі
Жас мұғалімдер мектебі – жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді, тәлімгерлер мен ұстаздар арасында байланыс, өзара сабаққа қатысу, жас мамандар үшін дәстүрлі емес ашық сабақтар, семинарлар, тренинг, пікірталас өткізуді жүзеге асырады.
Мақсаты – оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, әрбір сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыру
Жас мұғалімдер мектебі жұмыс жүйесі келесі құжаттармен реттелді:
- Жас мұғалімдер мектебінің жұмыс жоспары
- Жас мұғалімдер мен тәлімгерлер жоспары
Мектепте «Жас ұстаздар мектебі» құрылған, жас мамандар біріктіріліп, олардың жұмысына оқу ісінің меңгерушісі Алимбаева Л.Н. жетекшілік етеді. Мектепте 7 жас маман қызмет етеді. Әр жас маманға жеке тәлімгерлер тағайындалған, бұл өте тиімді. Тәлімгерлер тағайындау кезінде жас маман мен тәлімгері бір пән иелері болуы дұрыс деп есептедік. Тәлімгерлер мен жас ұстаздың біріккен жұмыс жоспары құрылады, бекітіледі. Жыл бойы жас мамандардың өсу деңгейі тәлімгерлер тарапынан бақыланады, әдістемелік көмек, нұсқаулар берілді Жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдермен қарым-қатынасы олардың кәсіби қабілеттерін дамытуға игі ықпал етеді.
Жас мамандармен жұмыс арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі жүргізілді.
Біздің мектепте жас мамандарға мына төмендегідей бірыңғай әдістемелік талаптар қойылды:
· Педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру.
· Оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы қазіргі педагогикалық технологияларды, әдістемелерді және тәсілдерді зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
· Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтерді ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.
· Оқушылар табыстарын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу.
· Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру, жан-жақты қолдау көрсету.
Ұсыныстар:
- Жас мамандардың сабақ үрдісін әдістемелік сауатты құруды меңгеру.
- Жас маман ұстаздарды қалалық семинар, сайыстарға қатысуына жағдай туғызу.
- Жас мұғалімдердің жұмыс нәтижесін жүйелі бақылау.
- Жаңаша оқыту әдістерін пайдалануды және сабаққа талдау жасай алуды іске асыру.
- Жас мұғалімдер үшін мастер-класс және оқу-әдістемелік сабақтар өткізу үшін ПШМ (педагогикалық шеберлікті шыңдау) мектебін кеңірек тарту қажет.
Мектеп оқушылары «Дарын» орталығы, Білім бөлімі және қашықтықтан ұйымдастыратын әр түрлі байқаулар мен сайыстарға белсене қатысты
Оқушылардың жетістіктері:
Қалалық пәндер олимпиадасына 5-6 сыныптардан 7 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі 2,3 орындарға ие болған. 9-11 сыныптар арасында өткен қалалық пәндер олимпиадасына 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі 3 орынға ие болған.
5-6 сыныптар
Пәндер | Қатысқан оқушы | Оқушының аты- жөні | Алған орны |
Қазақ тілі | 2 оқушы | Думанқызы Айым Тайтөлеу Ақбаян | 3 орын |
Орыс тілі | 2 оқушы | Надирова Данара Жұмашева Адия | 2 орын 3 орын |
Шетел тілі | 1 оқушы | Абрешова Үмітжан | |
Математика | 1 оқушы | Төкенова Әдемі | 3 орын |
Жаратылыстану | 1 оқушы | Құмарова Аида | 2 орын |
9-11 сыныптар
Пәндер | Қатысқан оқушы | Оқушының аты- жөні | Алған орны |
Қазақстан тарихы | 1 оқушы | Төкенова Айдана | 3 орын |
География | 1 оқушы | Жамалканова Тамирис | 3 орын |
Физика | 1 оқушы | Ашимбекова Балауса | Денсаулығына байланысты қатыспады |
Жоспар бойынша барлық шаралар атқарылғанымен төмендегідей кемшіліктер кездесті:
- Бекітілген тәлімгер мұғалімдерінің тәлім алушымен жұмыс жүргізуінің төмендігі.
- Сабақтарға қатысу барысында оқушылардың үй тапсырмасына дайындығының төмендігі;
-саралау тапсырмаларын берудің жүйесіздігі, оқушының өз білімін көрсете алмауы,
-бірыңғай талаптың қойылмауы.
-үздік оқушылардың бәсекелесінің көрініс таппауы.
2022 – 2023 оқу жылына талдаудан төмендегідей міндеттер туындады:
- Орта буын,жоғары буын оқушыларының біліміне, сабаққа дайындығы, үй тапсырмасын орындауда мектеп әкімшілігі, мектеп психологы, ата –ана болып қадағалау жүргізу.
- Білім беру дағдыларындағы кемшіліктерді жою бойынша білім кескіндеріндерін жүргізу, талдау жасай отырып , олқылықтарды жою.
- Жалпы орта білім алушылардың білімдерін тест, онлайн жүйесі, сынақ жүргізу арқылы жетілдіріп отыру.
- Мектептегі әр оқушының психологиялық жағдайына көңіл бөлу жұмысын жүргізу.
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту.
- Үздік оқушыларға нақты критерийлер бойынша талаптар қою.
- Мектепішілік бақылауды күшейту.
- Оқушылардың ғылыми қоғамдастығының жұмысын ай сайын мектепішілік бақылауда ұстау, дайындықты күшейту.
- Жас мамандар мектебінің жұмысын жандандыру
- ПШМ жұмысын жандандыру.
- Педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдердің (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші )жұмыстарын жоспарлау, талапты күшейту.